Текст
«Московский орта мектебі» КММ –нде 10 апқпан күні 1 А сыныпта өзін - өзі тану сабағынан Көңіл күй шаттығы атты ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Жақсы көңіл- күйдің адами қарым-қатынаста алатын орны туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
1.Өзінің сезімдері мен әрекеттеріне талқылау жасай білуге үйрету; .
2.Өз жақындарының ішкі сезімдеріне түсіне білуге, адамдарға тек жақсылық нұрын себе білуге тәрбиелеу;
3. Оқушыларды әлемді жағымды қабылдауға үйрету арқылы ақниеттілікке, кеңпейілділікке, ешкімді ренжітпеуге тәрбилеу.
Сабақта түрлі тапсырмалармен қамтылып, оқушылар жақсы қатысып, көңіл күйлерін көтеріп ,шаттанды.