Текст
Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан " Жарқыра, жайна Жаңа жыл-Тәуелсіз қазақ елінде!" атты жаңа жылдық шырша өтті. Дәстүр бойынша жаңа жылдық ертегіге барлық өңірден оқушылар шақырылды. Кішкентай қонақтарды ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылыммен қарсы алды. Балалар Аяз Ата мен Ақшақармен бірге шыршаны жағып, көңілді билеп, ойнады. Әр бала ел Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлық, сертификат және кітаптар алды. Біздің мектептен Президенттік шыршаға Қуаныш Р., Гайддулин Т., Жомарт Н. қатысты.