Марапатпен!
2021 жылдың 10 желтоқсанында «Есіл ауданы бойынша білім бөлімі» ММ Ақмола облысының кәсіподақ ұйымының грамоталарын табыстады. Марапатталғандардың арасында педагогикалық өтілімі 33 жылға есептелген физика және математика пәнінің мұғалімі Эйгерд Татьяна Анатольевна бар. Мұғалім білім беру саласында көптеген кәсіби жетістіктерге ие, республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың, облыстық ғылыми-зерттеу жобалары конкурсының жеңімпаздарын дайындады. Татьяна Анатольевна «ЖМЦ үздік әдістемелік әзірлемесі» аудандық байқауының жүлдегері атанды. Эйгерд Т.А. өзінің Ютуб-арнасы бар, онда сабақ жүргізу және сыныптан тыс іс-шаралар тәжірибесімен бөліседі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Т.А. Эйгерд өскелең ұрпақтың білім беру ісіне қосқан зор үлесі үшін Ақмола кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлығымен марапатталды. Біз әріптесімізді құттықтаймыз және үлкен шығармашылық табыс пен денсаулық тілейміз!