"Московсий ауылының ЖОБМ" КММ 31 желтоқсанның 6 қаңтар аралығында оқушылардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру барысында «Қазақстан балалары – қысқы ғажайып!» атты жоспары құрылып бекітілді.
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Демалыс кезінде балалардың демалысын, бос уақытын ұйымдастыру балалардың шығармашылық дамуы, олардың рухани әлемі мен ақыл-ойының байытылуы үшін мүмкіндік. Мектеп демалысы-балаға ерекше назар аударатын аймақ, оны әлеуметтік қорғау. Каникулдық іс-шараларда барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, олармен жеке тәрбие-профилактикалық жұмыстарын жүргізу, ұжымдық іс-шараларға қатысуға тарту қажет.
Қысқы демалысын өткізудің мақсаттары:
Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.
Балалардың денсаулығын және іс-қимыл күштерін нығайту.
Міндеттері:
1) қысқы каникул кезеңінде балалардың демалыс және жұмыспен қамту жүйесін сақтауға және тұрақтандыруға бағытталған жағдайлар жасау;
2) қысқы каникул кезеңінде балалардың жұмыспен қамтылуын, демалысын және сауықтырылуын әдістемелік қолдау;
3) қашықтықтан, оның ішінде қысқы каникул кезеңінде білім алушылардың қамтылуын, іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.
Жоспар бойынша келесі іс шаралар өткізілді:
Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сынып жетекшілер қашықтықтан ата аналармен жиналыстарын өткізді. Қыс мезгілінде және жаңа жыл мерекесінде қауіпсіздік ережелермен таныстырды. «Жаңа жылдық ғажайыпта» атты іс -шарада оқушылар белсене қатысып, өз шығармашылықтарын көрсете білді. «Виртуалды саяхат бюросы» атты іс- шарады, сынып жетекшілер оқушылардың компьютерлік сауаттылығын арттыру мақсатында қашықтықтан виртуалдық ойындар туралы мағлүматтар беріліп, қызықты ойындарды ұсынды. "Мұражайға саяхат", "Сынып дарабозы", "Умники и умницы", "Мың бір мақал", "Менің болашақ мамандығым" атты іс шаралар өткізілді. Осы мақсаттарды мен іс - шараларды жүзеге асыруда демалыс аралығында оқушылардың арасында өткізілген іс-шаралар жүзеге асырылды. Іс-шаралар жоспарына мектептің барлық сынып оқушылары қамтылды. 1-11 сынып оқушыларының демалысын қызықты өткізуге сынып жетекшілер , мұғалімдер, оқушылар, ата -аналар мен мектеп кітапханашысы ат салысты. Барлық өткізілген іс- шаралар мектеп сайтына, инстаграмм мен фейстбукка салынды.