Аудандық семинар өткізу туралы
Есіл ауданының аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің іс-шаралар жоспарына сәйкес 24 ақпанда мектепте «ЖМО, ағылшын тілі және бастауыш сынып пәндері бойынша білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» тақырыбында аудандық семинар өткізілді. Семинарға РҚБ әдіскерлері мен Есіл ауданының мұғалімдері қатысты. Семинарды аттестатталатын педагогтар өткізді: химия және биология мұғалімі Холод Н.А. – «педагог-зерттеуші» біліктілік санатын растау, мемлекеттік тілде оқытатын физика пәнінің мұғалімі Құрманәлі А. Б. – «педагог – модератор» санатын беру, ағылшын тілі мұғалімі Е.П. Аралбаева - "педагог – модератор" санатын беру, мемлекеттік тілде оқытатын бастауыш сынып мұғалімі Г. Г. Бекишева - "педагог-модератор"атағын беру. Мұғалімдер АКТ, үлестірме материалды, бағалаудың әртүрлі түрлерін, рефлексияны қолдана отырып сабақ өткізді. Оқытуда тұлғаға бағытталған тәсіл, топтық, жұптық және жеке жұмыс түрлері қолданылды.
Семинар өткен 2-4, 5-6, 8-11 сынып оқушылары өздерінің функционалдық сауаттылығын, мәтінмен жұмыс істеу дағдыларын және сөйлеу дағдыларын жақсы көрсетті. Семинар жақсы әдістемелік деңгейде ұйымдастырылды.