Текст
4 мамыр күні сағат 11:00-де мектепте 8-11 сыныптардың 24 оқушысы мен 12 ересек адам (педагогтар, техникалық қызметкерлер,ата-аналар) қатысуымен "Еркін ел ұрпағы" жалпыұлттық патриоттық диктант өткізілді. Жалпыұлттық диктант барлық білім беру ұйымдарында мамыр мерекелері мен Жеңіс Күні қарсаңында өткізілді. Іс-шараның мақсаты: патриотизмді, азаматтық ұстанымды, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру. Диктант бір мезгілде бүкіл Қазақстан бойынша ұлттың бірлігін көрсете отырып өтті. Біздің мектепке барлығы 36 адам қатысты.